Астанада бұрқасын соғып, аяз 13 градусқа дейін күшейеді, Алматыда тұман түсіп, жаңбыр мен қар жауады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Астана
28 қарашада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта қар жауып, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жел екпіні 15–20 м/с-қа, кей уақытта 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде де, күндіз де 5–7 градус аяз болады.
29 қарашада күн ала бұлтты болады. Кей уақытта қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, түнде екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде 8–10, күндіз 5–7 градус аяз болады.
30 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде қар жауып, сырғыма соғады. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 11–13, күндіз 8–10 градус аяз болады.
Алматы
28 қарашада күн ала бұлтты болады. Түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–3, күндіз 6–8 градус жылы болады.
29 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-ден +2°С-қа дейін, күндіз +6…+8°С болады.
30 қарашада күн ала бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр мен қар жауады. Кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 1–3, күндіз 5–7 градус жылы болады.
Шымкент
28 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел әуелі оңтүстік-батыстан, кейін солтүстік-шығыстан 2–7 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде 2–4, күндіз 7–9 градус жылы болады.
29 қарашада күн ала бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 2–4, күндіз 8–10 градус жылы болады.
30 қарашада күн ала бұлтты болады. Таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 3–5, күндіз 8–10 градус жылы болады.
Бұған дейін демалыс күндері Қазақстанда қар қалың жауып, аяз 20 градусқа дейін күшейетінін хабарлаған едік.