Жер асты дүмпулерінің күші 2 балл болған.
"Павлодар облысында ерте ескертуге арналған автоматтандырылған жүйелерді орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл – табиғи құбылыс. Бірақ бұл өңір сейсмикалық қауіпті аймақтар тізіміне кірмейді. Дегенмен, біз бұл процесті бақылауда ұстаймыз, себебі бұл аймақта өндірістік нысандар бар, соның ішінде шахталар да бар. Осыған байланысты қосымша мониторинг жүргізілетін болады", – деді ол.
Сонымен қатар, вице-министрдің айтуынша, Астана үшін мұндай қауіп жоқ.
"Астана қаласындағы ғимараттардың сейсмикалық талаптарға сәйкестігіне және қауіп бар-жоғына келсек, қаладағы нысандар соңғы талаптарға сай. Ал жалпы сейсмикалық жағдай бойынша бүгінгі таңда Астанаға ешқандай қауіп жоқ", – деп сендірді Ерболат Садырбаев.
Еске салсақ, 2026 жылғы 26 мамырда Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелген болатын.