Елордада пәтер ұрлығын жасаған күдікті ұсталды
Фото: Zakon.kz
Астана қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында пәтер ұрлығына қатысы бар 40 жастағы ер адам ұсталды. Ол бірнеше эпизод бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті алдын ала пәтерлерді бақылап, түрлі тәсілдермен заңсыз кірген.
Бірінші жағдайда ол кіреберіс есіктің құлпын бұзып, тұрғын үйге кіріп, перфораторды жасырын жымқырған. Келтірілген материалдық шығын 43 мың теңгені құрады.
Сонымен қатар екінші дерек бойынша, күдікті пластикалық терезені ашып, пәтерге заңсыз кіріп, құрылысқа арналған қымбат перфораторды ұрлаған. Бұл факті бойынша жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 340 мың теңгеге жеткен.
"Жедел әрекет ету нәтижесінде күдікті қысқа мерзім ішінде анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта ол Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Сондай-ақ, күдіктінің елорда аумағында жасалған басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Бұған дейін ҰҚК ірі есірткі зертханасының қызметін тоқтатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript