Жаңа қызыл автобустар мен жаңа бағыттар: алматылықтарға жағымды жаңалық хабарланды

Сурет: Алматы әкімдігі
Алматыда жаңа қызыл автобустар пайда болды. Zakon.kz тілшісі олардың екі жаңа бағытқа қызмет көрсететінін анықтады.

Қалалық Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының мәліметінше, 6 маусымнан бастап Алматыда №134 және №140 жаңа қалалық автобус бағыттары іске қосылады.

"Бағыттарға жеке тасымалдаушы – "NomadBus" ЖШС қызмет көрсетеді. Күн сайын желіге Yutong маркалы 23 автобус шығады. Бұлар – ұзындығы 12 метр болатын, төмен еденді электр автобустар. Әр автобус 90 жолаушыға арналған, бұл қарбалас уақытта жолаушылар ағынына тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Автобустар жоғары жайлылық деңгейімен, кең сыйымдылығымен, бірқалыпты қозғалысымен ерекшеленеді және қауіпсіздік пен экологияның заманауи талаптарына сай келеді", – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Сурет: Алматы әкімдігі

№134 бағыт – "Алматы-1" вокзалын "Автостанциямен" байланыстырады. Бағыттың ұзындығы – 39,7 шақырым. Автобустар күн сайын таңғы 05:50-ден кешкі 23:00-ге дейін қатынайды.

№140 бағыт – "Райымбек батыр" метро станциясынан "Горный гигант" шағынауданына дейін жүреді. Бағыттың ұзындығы – 18,4 шақырым. Автобустар күн сайын 05:55-тен 23:00-ге дейін қатынайды.

Жаңа бағыттарды іске қосуға қажетті қаржыны тасымалдаушы компанияның өзі бөлген. Электр автобустарын сатып алу мен қаржыландыру толықтай "NomadBus" ЖШС-нің жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылып, қала бюджетінен қаражат жұмсалмаған.

Бұған дейін Алматыда бірден төрт автобус бағытының қозғалыс сызбасы өзгергенін жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа саяси жүйесі: Президент конституциялық заңдар топтамасына қол қойды

Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жарияланады

2025-2026 оқу жылы: Оқушылардың білім алу уақыты мен демалыс кезеңі белгілі болды

Дрондар мен авиация тартылып Қазақстан бойынша ауқымды операция басталды

Бірінші сынып оқушылары үшін қазақ тілінде бейімделу бағдарламасы енгізілуде