7 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 маусымда елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Қонаев қ.: 07 маусымда жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 07 маусымда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Атырауда таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 18 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күннің екінші жартысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының тауларында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз тауда екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: 07 маусымда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.

Астанада жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Екі өңірде аптап ыстық болады". Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Бибісара Асаубаева финалда жеңілсе де, турнир жеңімпазы атанды

Бір сотталғанға арналған 15 телефон: ШҚО-да түнгі заңсыз әрекеттің жолы кесілді

Алматы хайуанаттар бағында аққол гиббондар мен сақиналы құйрықты лемурлардың төлдері дүниеге келді