Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық. Атырау қ.: 12 маусымда күннің соңында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық.
Алматы облысының тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15 м/с. Күндіз облыстың солтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде төтенше және жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 маусымда өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың қиыр батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Шымкентте жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз батысында, солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр күтіледі. Найзағай. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда жаңбыр, найзағай күтіледі.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде дауыл, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда күндіз кей уақыттарда жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі.