Қазақстанда көмір химиясын дамыту: инвесторларға қандай қолдау көрсетіледі

Сурет: pixabay
Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешев 2026 жылғы 12 маусымда Астанада өткен форумда Қазақстандағы көмір химиясы саласын дамыту жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жаркешевтің айтуынша, Үкімет инвесторларды қолдау үшін кең ауқымды шаралар әзірлеген. Олардың қатарында салықтық және кедендік жеңілдіктер, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ инвестициялық келісімдер тетіктері бар.

"Инвесторларға инвестициялық преференциялар мен мемлекеттік қолдау шараларын беру мүмкіндігі қарастырылған. Атап айтқанда, корпоративтік табыс салығынан (КТС) және жер салығынан 10 жылға дейін босату, мүлік салығынан 8 жылға дейін босату, технологиялық жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді импорттау кезінде кедендік баж салығынан босату, қажетті инфрақұрылымды жүргізу, мемлекеттік заттай гранттар беру, сондай-ақ инвестициялық келісімнің әрекет ету мерзімі ішінде заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігі қарастырылған", – деді ол.

Вице-министрдің сөзінше, "Бәйтерек" холдингі бірлесіп қаржыландыру мен кепілдік құралдарын ұсынады. Бұл көмір химиясы саласы үшін өте маңызды, өйткені аталған бағыт ірі көлемдегі инвестицияларды талап етеді.

Сонымен қатар, бұл саладағы басты артықшылықтардың бірі – дайын өнімді өткізудің кепілдендірілген нарығы.

"Мемлекет ұлттық компаниялармен бірлесіп, дайын өнімді сатып алу жөніндегі офтейк-келісімшарттар жасауға дайын екенін білдіреді. Әсіресе көмірден өндірілген тауарлық газ негізгі назарда. Яғни ел бұл ресурсты шетелден импорттаудың орнына, оны отандық өндірушілерден сатып алуды көздейді. Ұлттық газ компаниясы да мұндай келісімдерге қызығушылық танытып отыр", – деді Санжар Жаркешев.

Бұған дейін көмір химиясын дамыту Қазақстанға қанша табыс әкелуі мүмкін екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды