16-18 маусымда Қазақстанда нөсер жаңбыр жауып, аптап ыстық 40 градусқа дейін жетеді

Фото: pixabay
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 16-18 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Кей өңірлерде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Қатты жаңбыр:

Сонымен қатар алдағы күндері еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық сақталады.

Атап айтқанда, оңтүстік-батыс пен оңтүстікте күндіз ауа температурасы +35...+40 градусқа дейін көтеріледі. Ал солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде +35...+38 градусқа дейін ыстық болады.


"Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай өзгеріс күтілмейді", – деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.

Бұған дейін синоптиктер Алматы мен Ақтөбе тұрғындарына қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ескерту жасаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Ақтауда ер адам баласын ауруханаға жатқызудан бас тартқан дәрігердің жағасынан алды

Қазақстандықтар қандай көліктерді елге әкеле алады: жаңа талаптар белгіленді

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі