Қазақстанда зейнетақы жарналары мен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстан Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы қаулысымен міндетті зейнетақы жарналарын есептеу және аудару қағидаларына, сондай-ақ жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына қатысты ережелерге өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енгізілген түзетулердің бірі интернет-платформа операторы ұғымына қатысты. Енді орындаушылар мен тапсырыс берушілердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру кезінде "ақпараттық технологиялар мен жүйелер" емес, "цифрлық технологиялар мен жүйелер" ұғымы қолданылады.

Сондай-ақ агенттерге хабарламаларды электронды түрде табыстау тәртібі нақтыланды. Енді хабарлама Салық төлеушінің кабинеті веб-қосымшасына немесе "электрондық үкімет" порталындағы пайдаланушының жеке кабинетіне келіп түскен күннен бастап жеткізілген болып есептеледі.

Өзгерістер жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына қатысты қағидаларға да енгізілді.

Құжатқа сәйкес, зейнетақы төлемдері өмір бойына тағайындалады, ағымдағы ай үшін төленеді және азамат қайтыс болған айға дейін жүзеге асырылады. Сондай-ақ төлемдер мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелерінен Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжаттардың, шетелдік азаматтың Қазақстандағы тұруға ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жарамсыз екендігі туралы мәлімет алынған айды қоса алғанда тоқтатылады. Мұндай жағдайлар азаматтың тұрақты тұру үшін елден кетуіне, Қазақстанда тұрақты тұруға берілген рұқсаттың күшін жоюға, Қазақстан азаматтығынан айырылуына немесе азаматтықтан шығуына байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарын айқындау жөніндегі үлгілік қағидаларға да өзгерістер енгізілді.

Енді мерекелік және атаулы күндерге байланысты көрсетілетін әлеуметтік көмек азаматтардың өтінішінсіз тағайындалады.

Әлеуметтік көмек алушылардың санаттарын жергілікті атқарушы органдар анықтайды. Алушылардың тізімі Мемлекеттік корпорацияға, өзге ұйымдарға жолданған сұраныстар немесе уәкілетті мемлекеттік органның цифрлық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде қалыптастырылады.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзі немесе отбасы атынан әлеуметтік көмек көрсететін уәкілетті органға, кент, ауыл немесе ауылдық округ әкіміне, Мемлекеттік корпорацияға не электронды үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.

Қағаз түрінде өтініш тапсырылған жағдайда құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың цифрлық жүйелерінен қажетті мәліметтерді сұратады.

Егер цифрлық жүйелердегі мәліметтер сәйкес келмесе немесе мүлде болмаса, өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

Құжаттар түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады. Тексеруден кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

Өтініш электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда қажетті мәліметтерді алу үшін цифрлық жүйелерге сұранысты өтініш берушінің өзі жолдайды. Бұл ретте ол өтініш пен алынған мәліметтердің дұрыстығын электрондық цифрлық қолтаңбамен растайды.

Егер өтініш беруші мерзімсіз мүгедектігі белгіленген І немесе ІІ топтағы мүгедектігі бар адам болса, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры оның мүгедектігі туралы мәліметті тиісті ақпараттық жүйеден өздігінен алады.

Сондай-ақ зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру кезінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры азаматтардың цифрлық құжаттарын пайдалана алады.

Қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
БЖЗҚ
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бір мандатты округтер бойынша кімдер Мәжіліске өтті

Заң мен Тәртіп: Әділ қоғам негізі – қаржылық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды

Павлодарда баласын азаптап өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі