Денсаулық сақтау саласында адал қызмет етіп жүрген әр қызметкердің еңбегі ерен – Тоқаев

Фото: pexels
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, олардың қоғам алдындағы рөлін жоғары бағалады. Президенттің айтуынша, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау – ел дамуының басты кепілі.

Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлердің өз миссиясын адал атқарып жүргенін айтты.

"Еліміз сапалы әрі қарқынды түрде өсіп-өркендеуі үшін азаматтарымыздың тәні де, жаны да сау болуға тиіс. Бұл – баршаға белгілі ақиқат. Сіздер осы ізгі мақсат жолында аянбай қызмет етіп жүрсіздер", – деді Мемлекет басшысы.

Президент халықтан келіп түсетін хаттарда дәрігерлердің еңбегіне қатысты жылы лебіздер көп екенін де атап өтті.

"Қазақта "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" деген сөз бар. Менің атыма күніне жүздеген хат келіп түседі", – деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында орын алған оқиғаны мысалға келтіріп, дәрігерлердің кәсіби шеберлігін ерекше атап өтті.

"Онда оқыс жағдайға тап болған төрт жасар баланы облыстық аурухана дәрігерлерінің аман алып қалғаны жөнінде жазылған", – деді Президент.

Мемлекет басшысы баланың өмірін сақтап қалған медицина қызметкерлерінің еңбегі ел тарапынан жоғары бағаланатынын айтты.

"Кішкентай баланың өмірін сақтап қалған білікті маман қазір ортамызда отыр. Кәсіби шеберліктің озық үлгісін көрсеткен адамдардың қажырлы еңбегі лайықты бағалануға тиіс", – деді ол.

Президент сондай-ақ бір топ медицина қызметкеріне жоғары мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді.

"Мен бүгін отандық медицинаны дамытуға елеулі үлес қосқаны және халық денсаулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін бір топ медицина қызметкеріне жоғары мемлекеттік награда беру туралы Жарлыққа қол қойдым", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты халықтың дәрігерлерге деген құрметі мен алғысы ретінде қабылдау керектігін атап өтті.

Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Алматы облысында жалған сүт үшін жүздеген миллион теңге субсидия алған кооператив басшысы сотталды

Астана медицина университетіне академик Төрегелді Шармановтың есімі беріледі – Қасым-Жомарт Тоқаев

Елімізде тұрғын үйлердің маңына автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген рас па - түсініктеме

"Қыздар.нет" сайты иелерінен қандай мүлік табылды