Жаңа оқу жылында қазақстандық оқушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр

Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 26 маусымда Үкімет кулуарында жаңа оқу жылында мектеп оқушыларына қатысты енгізілетін өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрдің айтуынша, ең алдымен мектеп оқулықтарын кезең-кезеңімен қайта басып шығару жұмыстары жүргізіледі.


"Оқулықтар қайта басылып жатыр. 2026 жылғы 30 тамызға дейін 3–9-сыныптардың оқулықтары қайта басылады. 30 желтоқсанға дейін – 4–9-сыныптардың, ал келесі жылдың 1 сәуіріне дейін 8-сыныптың барлық пән бойынша оқулықтары жаңартылады. Тек "Қазақстан тарихы" мен "Дүниежүзі тарихы" пәндері ғана әзірге бұл тізімге кірмейді, өйткені біз жеті томдықтың дайын болуын күтіп отырмыз. Қалған барлық пәндердің оқулықтары қайта басылады, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мектеп оқулықтары әр бес жыл сайын қайта басылып шығуы тиіс.

Министр қазіргі таңда мектептерде пайдаланылып жүрген оқулықтардың басым бөлігі 2017 жылы жарық көргенін атап өтті.

Еске салайық, бұған дейін Жұлдыз Сүлейменова Қазақстан мектептерінде оқушылардың білімін бағалау жүйесіне қатысты жоспарланған өзгерістер туралы мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін