Алматы облысында VIP-клиенттерге есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы облысында "Қарасора-2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті мен облыстық полиция департаментінің қызметкерлері есірткі өндірумен және таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады.

ІІМ мәліметінше, күдіктілер есірткіні жасырын өсіруден бастап, оны ауқатты клиенттерге сатуға дейінгі толық өндіріс тізбегін ұйымдастырған.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірхановтың айтуынша, жойылған фитозертхана заманауи желдету жүйесімен, температура, жарық және суару датчиктерімен жабдықталған.

"Бұл зертханада құрамында есірткі заты жоғары каннабис сорттары жыл бойы өсіріліп отырған", – деді Бақытжан Әмірханов.

Тінту барысында жеке кіреберісі бүркемеленген жертөледен:

Ведомствоның мәліметінше, фитозертхананы ұйымдастырған 40 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы каннабис тектес есірткілерді өсіру технологиясын зерттеген. Ол арнайы салынған, аумағы 100 шаршы метрден асатын жеке ғимаратта жасырын өндірісін кеңейтуді жоспарлаған.

Сондай-ақ күдікті шетелдерге барып, мамандардан кеңес алған, элиталық каннабис сорттарын өсіруге арналған арнайы жабдықтарға тапсырыс беріп, жоғары концентрациялы есірткі шикізатынан гашиш майын өндірудің заманауи тәсілдерін меңгерген.

Жедел-тергеу шаралары барысында оның 45 жастағы сыбайласы да ұсталды. Ол бұған дейін аса ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған.

Оның гаражын тінту кезінде:

"Қазір қылмыстық схемаға қатысы бар барлық тұлғаларды, жабдықтар мен тұқым жеткізу арналарын, сондай-ақ өзге де заңсыз әрекеттерді анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық жолмен алынған барлық активтерге, оның ішінде жылжымайтын мүлік пен қымбат автокөліктерге тыйым салынды. Есірткі өндіру мен дайындау орындарын анықтау және жою жұмыстары жалғасады", – деді Бақытжан Әмірханов.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкент тұрғыны қарбыз алқабындағы бұталардың арасына есірткі өсірмек болғанымен, оның заңсыз әрекеті әшкереленген болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Қазақстан жолдарына лазерлік жүйелер орнатылып жатыр: ІІМ маңызды мәлімдеме жасады

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек