Балқаш маңындағы ақылы жолға қатысты өзгерістер енгізілді

Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 23 маусымда Көлік министрі міндетін атқарушының Балқаш – Бурылбайтал республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрығына өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, бұйрықтың атауы өзгертіліп, енді ол "Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы бұйрық деп аталады. Яғни жол атауына Қарағанды қаласы қосылды.

Сондай-ақ құжатта Астана – Қарағанды (айналма жолмен) – Алматы I-б санатындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал учаскесі ақылы негізде пайдаланылатыны нақтыланған.

Жүргізушілер мынадай балама бағыттарды пайдалана алады:

Ақылы жол учаскесі 247 шақырым 700 метрден басталып, 892 шақырым 340 метрге дейін жалғасады. Ақылы жолдың жалпы ұзындығы 645,64 шақырымды құрайды.

Жолдың толық бағыты бойынша жүру ақысы төмендегідей белгіленді:

Бұдан бөлек, жеңіл автомобильдерден басқа көлік құралдары үшін жүк көтергіштігіне қарай ай сайынғы абоненттік төлем (2-ден 10 АЕК-ке дейін) және жылдық абонемент қарастырылған.

Жылдық абонемент құны:

2026 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4325 теңге.

Аталған бұйрық 2026 жылғы 10 шілдеден бастап күшіне енеді.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін