Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Алматыда 2 шілдеде кей уақыттарда жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттардағы екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Қонаевта 2 шілдеде таңертең және күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі күтіледі. 2 шілдеде Алматы қаласы мен Алматы облысында нөсер жаңбырдың болжануына байланысты Іле және Күнгей Алатауларында сел жүру қаупі бар.
Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Өңірде солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің Алакөл көлі аудандарындағы екпіні 23-28 м/с, күндіз кей уақыттарда 30 м/с және одан аса болады деп күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 2 шілдеде күндіз 35 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында нөсер жаңбыр жауады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 шілдеде кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 2 шілдеде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болатыны болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда 2 шілдеде түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі деп күтіледі. Түнде және таңертең тұман болатыны болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл болып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде және тау асуларында 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с және одан асады деп күтіледі. Шымкентте 2 шілдеде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Түркістанда 2 шілдеде түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 2 шілдеде күндіз аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 2 шілдеде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Түнде және күндіз Қарағанды облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 2 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, солтүстігінде, батысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұршақ түсіп, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтөбеде 2 шілдеде кей уақыттарда аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың орталығында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық болып, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 2 шілдеде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі.
Түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда 2 шілдеде күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл тұрады деп күтіледі. Таңертең және күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35-36 градус қатты ыстық болып, облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Өскеменде 2 шілдеде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, ал түнде облыстың солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23-28 м/с дейін жетеді. Күндіз облыс бойынша 35-37 градус қатты ыстық болып, төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 2 шілдеде күндіз 35-36 градус қатты ыстық болатыны болжанады.
Астанада 2 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, орталығында 23 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Көкшетауда 2 шілдеде күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Бұған дейін төтеншеліктер Алматы облысында нөрес жаңбыр жауатынын, шайылу қаупіне байланысты Түрген өзеніндегі көпір жабылатынын ескерткен.