Алматылықтар жаңа Конституцияның күшіне енген күнін ауқымды концертпен атап өтті

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда жаңа Конституцияның күшіне енген күніне арналған "Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!" атты ауқымды концерт өтті.

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған мәдени іс-шараның басты мақсаты – қазақстандық қоғамдағы бірлік пен қоғамдық келісім құндылықтарын насихаттау, Конституцияның ел өміріндегі маңызын кеңінен дәріптеу, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

Open-air форматында өткен концертте бір сахнада еліміздің танымал әншілері мен шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Сахна төрінде "Абырой" және "КешYOU" топтары, Айдана Меденова, Ziruza, "Алашұлы" тобы, Ерке, Raim, Садраддин және басқа да танымал артистер ән шырқады. Олар патриоттық шығармалармен қатар көпшілік сүйіп тыңдайтын хиттерін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сахнадан өнерпаздар жиналған қауымды жаңа Конституцияның күшіне енген күнімен құттықтап, Қазақстанға бейбітшілік, тұрақтылық пен өсіп-өркендеуіне арналған жүрекжарды лебіз жеткізді.

Кеш барысында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Ділдәбек, Алматы қаласының жастар қозғалыстарының жетекшісі Ермұхаммед Палмағанбетов, "G35" студенттік өзін-өзі басқару ұйымының өкілі Мариям Дуанбек және "Алашұлы" тобының солисі Мақсат Рахмет сөз сөйлеп, Қазақстан халқының бірлігі, қоғамдық келісім мен өзара құрмет мемлекеттің тұрақты дамуының басты негізі екенін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Конституция – елдің құқықтық негіздерін айқындайтын, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін әрі мемлекеттің тұрақты дамуы мен демократиялық қағидаттарының берік тірегі саналатын басты құжат екені айтылды.

Концерт соңында мыңдаған алматылық пен қала қонағы сүйікті өнерпаздарымен бірге танымал әндерді қосыла шырқап, ерекше жылы атмосфераның бір бөлігіне айналды. "Біз, біртұтас Қазақстан халқы..!" концерті Конституцияның ел өміріндегі айрықша рөлін айқындап қана қоймай, тұрғындарды ортақ мақсат пен ұлттық құндылық төңірегіне топтастырған жарқын мәдени кеш болды.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Алматыда жедел жәрдем көлігі мен электрлі велосипед соқтығысып, бір адам қаза тапты

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Талдықорған мен Өскемен арасындағы жол учаскесі ақылы болады