Синоптиктер елімізде маусым айы неге ыстық болғанын түсіндірді

Сурет: pexels
Бүгін, 2026 жылдың 7 шілдесінде "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылдың маусым айы Қазақстанда қандай болғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде аталған ай бойында ыстық күн басым болды. Тек жекелеген күндері өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің екпіні күшейді, кей жерлерде бұршақ жауды.

"Ауа температурасы климаттық нормадан 1–5°С-қа жоғары болды. Негізгі температуралық фон +30…+38°С аралығында қалыптасса, еліміздің оңтүстік өңірлерінде ауа температурасы +43°С-қа дейін көтерілді. Мұндай аптап ыстықтың негізгі себебі – еліміздің аумағына құрғақ тропиктік ауа массаларының келуі". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Алайда, синоптиктердің айтуынша, Қазақстанның батыс өңірлерінде жағдай мүлде өзгеше қалыптасты.

"Мұнда маусым айы бойы салқын әрі жауын-шашынды ауа райы басым болып, жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 2–5 есе көп түсті". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі

Бұл өңірдегі ауа райына белсенді Атлант циклондары ықпал етіп, маусым айындағы синоптикалық жағдайды айқындады.

Бұған дейін синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша 2026 жылғы 8–10 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

Мемлекеттік туды қайда ілуге болады: Үкімет жаңа ережелерді бекітті

Ақтауда жағажайдан итбалықтардың өлекселері табылды

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Индонезия жағалауында қуатты жер сілкінісі тіркелді