Қазақстандағы мұнай қоры қанша: Энергетика министрлігі мәлімет жариялады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров 2026 жылғы 8 шілдеде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елдегі мұнай қоры туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, мемлекеттік есепте 319 кен орнының мұнай қоры тіркелген.

"2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының өндірілетін баланстық мұнай қоры 4 млрд тоннадан асады. Оның ішінде А+В+С1 санаттары бойынша – 2,8 млрд тоннадан астам, ал С2 санаты бойынша – 1,4 млрд тоннадан астам", – деді Ерлан Ақбаров.

Ал баланстан тыс мұнай қоры 167 млн тоннадан асады.

Вице-министрдің мәліметінше, бүгінде елімізде 215 жер қойнауын пайдаланушы тіркелген. Олардың басым бөлігі батыс өңірлерде жұмыс істейді. Жер қойнауын пайдаланушылардың 67 пайыздан астамы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарына тиесілі.

Бұған дейін Қазақстан мен ОПЕК+ елдері тамыз айында мұнай өндіру көлемін арттыратыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды