Синоптиктер Астана, Алматы және Шымкент тұрғындарына аптап ыстық туралы ескерту жасады

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласында аптап ыстықтың жаңа толқыны болатынын ескертті. Болжам бойынша, 2026 жылғы 14–16 шілде аралығында Астанада ауа температурасы +39°C-қа, Шымкентте +44°C-қа, ал Алматыда +38°C-қа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

14 шілде: құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай, екпінді жел және шаңды дауыл күтіледі. Желдің екпіні секундына 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +37...+39°C болады.

Синоптиктердің мәліметінше, 14 шілде Астанадағы ең ыстық күн болмақ.

"Көпжылдық бақылаулар бойынша бұл күннің абсолюттік максимумы +35,3°C болған. Ол 1992 жылы тіркелген. Ал 13 шілде күні сағат 13:40-та елордада ауа температурасы +35,9°C-қа жетіп, тарихи көрсеткішке жақындады", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Метеорологтар 13 шілдедегі абсолюттік температура рекорды 1935 жылы тіркелгенін, сол кезде ауа температурасы +39,5°C болғанын еске салды.

15 шілде: құбылмалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +20...+22°C, күндіз +35...+37°C.

16 шілде: құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ пен екпінді жел күтіледі. Желдің екпіні 20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +30...+32°C.

Алматы

14 шілде: құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Желдің екпіні кей уақытта 13 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +21...+23°C, күндіз +32...+34°C.

15 шілде: жауын-шашынсыз. Түнде +21...+23°C, күндіз +34...+36°C.

16 шілде: жауын-шашынсыз. Түнде +21...+23°C, күндіз +36...+38°C.

Шымкент

14 шілде: жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +39...+41°C.

15 шілде: жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с. Түнде +23...+25°C, күндіз +40...+42°C.

16 шілде: жауын-шашынсыз. Түнде +23...+25°C, күндіз ауа температурасы +42...+44°C-қа дейін көтеріледі.

Бұған дейін синоптиктер солтүстік-батыс циклоны мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстік өңірлерінде аптап ыстықтың бәсеңдеп, жаңбыр мен найзағай күтілетінін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды