Қазақстанның барлық өңірінде +45°С-қа дейінгі аптап ыстық болады

Фото: pixabay
Синоптиктер 2026 жылғы 14 шілдеде елдің барлық 17 облысында аптап ыстық болатынын болжады. Сондай-ақ кей өңірлерде нөсер жаңбыр мен бұршақ түседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамға сәйкес, күндіз:

Жауын-шашынсыз ауа райы тек Қазақстанның оңтүстігінде болжанып отыр.

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, солтүстікте екпінді жел күтіледі". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, болжамға сәйкес, республиканың бірқатар өңірлерінде өрт қаупі бар:

жоғары өрт қаупі – Жамбыл, Ақмола облыстарында, Ұлытау облысында, Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында, Алматы облысының батысы, шығысы, оңтүстігі мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, Атырау облысының батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында, Ақтөбе облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігі мен шығысында, Павлодар облысының батысы мен шығысында, Қостанай облысының оңтүстігі мен орталығында, Абай облысының оңтүстік-батысы мен орталығында, Түркістан облысының оңтүстік-шығысында;

төтенше өрт қаупі – Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жетісу облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында, Абай облысының солтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы мен солтүстігінде, Қарағанды облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстігінде, Павлодар облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы, оңтүстік-шығысы мен орталығында.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Туды қай кезде қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады – министрлік түсіндірді

Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді: өзгерістер хронологиясы

Алматыда жаңа аялдама пайдалануға берілді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі

Қазақстанда алғаш рет "Құрметті донор" төсбелгісі тағайындалды