Астанада заңсыз ет өңдеу цехының қызметі тоқтатылды

Фото: Zakon.kz
Елордада жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері жеке тұрғын үйлердің бірінде заңсыз жұмыс істеген ет өнімдерін өңдеу цехын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында өндірістің ешқандай рұқсат құжаттарынсыз жүзеге асырылғаны белгілі болды. Дайын өнімдер қаланың жеке дүкендері мен дәмханаларына жеткізіліп отырған. Демек, бұл өнімдер кез келген уақытта елорда тұрғындарының тұтынуына түсуі мүмкін еді.

Тексеру кезінде шығу тегі мен сапасы белгісіз үш тоннадан астам ет өнімі анықталды. Сондай-ақ өнімдердің санитариялық талаптар өрескел бұзыла отырып өндірілгені және сақталғаны белгілі болды. Температуралық режим сақталмаған, ет антисанитариялық жағдайда сақталған. Өнімнің бір бөлігінде бүлінудің айқын белгілері байқалған: өткір жағымсыз иіс шыққан, шыбындар қаптаған және тағам ретінде пайдалануға жарамсыз екенін көрсететін өзге де белгілер анықталған.

Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде анықталған барлық өнім жойылды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында адам денсаулығына қауіп төндіретін ет өнімдерінің сауда орындарына түсуіне және тұрғындардың тұтынуына жол берілмеді.

Заңсыз цех иелері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Полиция санитариялық талаптарды бұза отырып азық-түлік өнімдерін заңсыз өндіру мен өткізудің азаматтардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіретінін еске салады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген қарындасының 25 жасқа толуына орай ерекше сыйлық жасады

Доллар бағамы қатты өзгереді: Ұлттық банк жыл соңына дейінгі болжаммен бөлісті

1 қыркүйек - Білім күні

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді