Рулі оң жақтағы көліктерді қалааралық бағыттарда пайдалануға тыйым салына ма – министр жауап берді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте рулі оң жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр Қазақстанда бұл көліктерді елге әкелуге тыйым салынғанын еске салды.

"Жол қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті. Бұл мәселені тек Өнеркәсіп министрлігі ғана емес, Ішкі істер министрлігі де көтеріп отыр. 2007 жылдан бастап Қазақстанға оң жақ рулді автокөліктерді әкелуге тыйым салынған. Сондықтан бұл жерде тек бақылау қажет – көлік әкелуге тыйым бар", – деді Нағаспаев.

Министрден ведомство қалааралық жолаушылар тасымалында мұндай көліктерді пайдалануға тыйым салу мәселесін қарастырып жатыр ма деген сұрақ қойылды.

"Бұл сұрақты жол қауіпсіздігімен айналысатын Ішкі істер министрлігіне қою керек. Біз автомобиль саласына жауапты мемлекеттік орган ретінде өз тарапымыздан қажетті шараларды қабылдадық: автокөліктерді әкелуге және оларды Қазақстан аумағында пайдалануға қатысты барлық қажетті шектеулер енгізілді. Ендігі мәселе – тиісті органдардың бақылауында", – деп толықтырды министр.

Бұған дейін Қазақстан 2026 жылы 190 мың автокөлік шығаруды жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Вице-премьер Аида Балаева мәйіттік донорлыққа келісім беретінін мәлімдеді

ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады: 25 тамызға дейін не істеу керек

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады

"Қазақстанда 1 млн адам лудоман" деген ақпаратты Туризм министрлігі жоққа шығарды

Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың сатып алу қағидаларына өзгерістер енгізілді