Қазақстан автокөліктердің "көлеңкелі" импортымен күресті неліктен күшейтіп жатыр

Фото: Zakon.kz
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2026 жылғы 21 шілдеде Үкіметтегі брифингте автокөліктердің "көлеңкелі" импорты еліміздің автомобиль өндірісін дамытуға кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер Премьер-министрдің автокөліктердің "көлеңкелі" импортына қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасы қалай орындалып жатқанын, бұл мәселенің Қазақстан үшін қаншалықты өзекті екенін сұрады.

"Бүгінде автомобиль саласындағы ең өзекті әрі көптен бері шешімін күткен мәселелердің бірі – автокөліктердің "көлеңкелі" импорты. Егер біз отандық автокөлік өндірісін дамытып, Қазақстандағы зауыттарда көлік шығаруды мақсат етсек, онда "көлеңкелі" импорт осы мақсатқа жетуге кедергі келтіретін негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Премьер-министр атап өткендей, мұндай жағдайлар әлі де кездесіп отыр. Сондықтан министрліктің, салалық қауымдастықтардың және нарықтың барлық қатысушыларының басты міндеті – "көлеңкелі" импортты барынша шектеу және мұндай көліктердің Қазақстан аумағына кірмеуі үшін қатаң шаралар қабылдау", – деді Ерсайын Нағаспаев.

Министр бұл мәселені бір ғана ведомство шеше алмайтынын, сондықтан оған кешенді түрде қарау қажет екенін де атап өтті.

"Біз соңғы қағидаларды қабылдаған кезде бұл жұмысқа Ішкі істер министрлігін және кеден органдарын тарттық. Себебі бұл бағыттағы әкімшілендірумен Мемлекеттік кірістер комитеті айналысады. Қазіргі таңда барлық қажетті нормативтік-құқықтық база толық қабылданды. Барлық заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бекітілді. Ендігі негізгі мәселе – министрлік қабылдаған талаптар мен регламенттердің орындалуына бақылауды күшейту", – деп қорытындылады Ерсайын Нағаспаев.

Бұған дейін Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап автокөліктердің "сұр" импортын тежеу күшейтілмек екенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ғалым, мұғалім, дәрігер: Орталық сайлау комиссиясы "Әділет" партиясының кандидаттар тізімін тіркеді

Қазақстанда 30-дан астам жаңа мамандық пайда болады

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Бір тәулікте 55 орман өрті: Қазақстанда найзағай тілсіз жауға себеп болды

Қазақстандағы мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы: оларды кім және қанша алады