21 күнде 1300-ден астам заңбұзушылық: ҰҚК жанар-жағармайды заңсыз әкету деректерін жариялады

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 2026 жылғы 23 шілдеде мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге жол бермеу бағытында атқарылған жұмыстардың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Комитеттің мәліметінше, 2026 жылғы 1-21 шілде аралығында өткізу бекеттерінде жалпы көлемі 112 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдарын (ЖЖМ) заңсыз алып өтуге қатысты 1342 әрекет тіркелген.

ҰҚК мәліметінше, құқық бұзушылардың барлығы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

"Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жанар-жағармай материалдарының көлеңкелі айналымына жол бермеуге бағытталған", – деп мәлімдеді ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2026 жылғы 18 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында 2,6 мың литрден астам дизель отынын Қытайға заңсыз алып өтпек болғандардың жолы кесілген еді. Жасырын жанармай бактары орнатылған көлік "Майқапшағай" кеден бекетінде ұсталған болатын.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды