Қазақстанда аэротаксимен ұшу құны қанша тұрады - жауапты мамандар неліктен нақты бағаны айта алмай отыр

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 24 шілдеде Астанада өткен аэротаксидің алғашқы демонстрациялық ұшуынан кейін Alatau Advanced Air Group (AAAG) компаниясының жоба менеджері Данияр Өтеулин аэротаксимен ұшу құны қанша болуы мүмкін екенін және неге әзірге нақты баға айту мүмкін емес екенін түсіндіріп берді.

Оның айтуынша, коммерциялық рейстерді 2028 жылдың соңы – 2029 жылдың басында іске қосу жоспарланып отыр. Сондықтан да, қазір қызмет құнын анықтау мүмкін емес.

"Бұл ұшу аппараттарының бағасы, сондай-ақ оларды салу мен техникалық қызмет көрсету шығындары уақыт өте өзгеретініне байланысты. Бұған қоса, инфляция да әсер етеді. Сондықтан қазір нақты баға түгілі, шамамен қанша болатынын да айта алмаймыз. Біздің мақсатымыз – аэротаксиді көпшілікке қолжетімді көлік түріне айналдыру. Яғни, қарапайым қазақстандық айына кем дегенде бір рет әуежайдан қалаға аэротаксимен ұшып көруге мүмкіндігі болса дейміз. Біз соған ұмтылып жатырмыз. Бірақ әзірге нақты бағаны айта алмаймын", – деді Данияр Өтеулин.

Сондай-ақ ол мысал ретінде АҚШ-тағы осындай қызметтің құнын келтірді. Оның айтуынша, бүгінде дәл осындай бағыт бойынша жанармаймен жұмыс істейтін тікұшақпен ұшу жолаушыға шамамен 185 АҚШ долларына түседі.

"Бұл – жанармаймен ұшатын тікұшақтың бағасы. Ал біз электрмен жұмыс істейтін ұшу аппараттарын қолданамыз және олардың саны көп болады деп жоспарлап отырмыз. Соның арқасында бұл жүйе кеңейіп, қызмет құны арзандайды деп үміттенеміз. Бірақ бұл – АҚШ-тағы баға. Ондағы еңбек күші де, техника да, шығындар да мүлде басқа. Сондықтан Қазақстандағы болашақ тарифтерді АҚШ-пен салыстыру дұрыс емес", – деп түсіндірді Данияр Өтеулин.

Бұған дейін Қарағанды қаласының аумағы 281 гектарға ұлғайғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді