Қарағанды қаласының аумағы 281 гектарға ұлғайды
Сурет: primeminister.kz
Үкімет 2026 жылғы 21 шілдеде Қарағанды облысындағы Қарағанды қаласының шекарасын өзгерту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құжатқа сәйкес, Үкімет Қарағанды облыстық мәслихатының 2026 жылғы 6 мамырдағы бірлескен шешімі мен Қарағанды облысы әкімдігінің 2026 жылғы 6 мамырдағы Қарағанды қаласы мен Бұқар жырау ауданының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы қаулысын қолдады.
Осыған байланысты Бұқар жырау ауданы жерінің жалпы аумағы 281 гектар болатын бір бөлігі Қарағанды қаласының шекарасына енгізіледі.
Қала аумағына қосылатын жерлердің құрамы мынадай:
- жайылымдық жерлер – 192,7823 гектар;
- өзге жерлер – 88,2177 гектар.
Қаулы 2026 жылғы 3 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript