Қазақстанда аэротакси алғаш қай қалаларда іске қосылады

Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
24 шілдеде Астанада өткен аэротаксидің таныстырылымы кезінде Alatau Advanced Air Group компаниясының жоба менеджері Данияр Өтеулин Қазақстанда коммерциялық аэротакси рейстері алғаш қай қалаларда іске қосылатынын және неліктен Астанаға бұл жобаны сәл күтуге тура келетінін айтып берді.

Бұған дейін аэротаксиды Астана, Алматы және Алатау қалаларында іске қосу жоспарланып отырғаны хабарланған болатын. Осыған байланысты журналистер аталған үш қаланың қайсысында коммерциялық рейстер бірінші болып басталатынын сұрады.

"Қазіргі таңда алғашқы кезеңде жобаны Алатау мен Алматыда іске қосуды жоспарлап отырмыз. Ал Астанада бұл кейінірек жүзеге асады. Нақты мерзімін қазір айта алмаймын, өйткені ол көптеген факторға байланысты. Алатау қаласында бұл жобаны жүзеге асыруға қолданыстағы заңнама мүмкіндік береді. Сондықтан жұмысты сол жерден бастап, кейін біртіндеп басқа өңірлерге кеңейтеміз", – деді Данияр Өтеулин.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері аэротаксиге арналған әуе "аялдамалары" – вертипорттардың қай жерлерде орналасатынын сұрады.

"Әзірге Астана бойынша нақты бір орынды айта алмаймын. Алдымен барлық рәсімдерді Алатау қаласында сынақтан өткізуіміз керек. Вертипорттар бірнеше жерде орналасуы мүмкін. Алматыда бұл мәселеге қатысты қала әкімдігімен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жоспар бойынша вертипорттар әуежай аумағында және қаланың бірнеше нүктесінде салынады. Қазір Қаржы орталығы орналасқан аудан, тұңғыш Президент саябағы маңы және Медеу ауданы қарастырылып жатыр. Алдағы уақытта жобаны облыстарға да кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Әсіресе, курорттық аймақтар мен табиғаты көркем жерлерге әуе арқылы автокөлікке қарағанда әлдеқайда жылдам жетуге мүмкіндік болады", – деді спикер.

Бұған дейін Қазақстанда аэротаксимен ұшу құны қанша тұратындығын жазғанбыз.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бірыңғай QR-код арқылы төлем жасағанда комиссияны кім төлейді – банк пе, сатушы ма, әлде сатып алушы ма

Қазақстанда әскери есепке алу ережелері өзгерді

ҰТО "грантқа түсіреміз" деген хабарламаларға қатысты ескерту жасады

Қазақстанда қайтадан +42°С ыстық болады

Қазақстандықтарға МӘМС мәртебесі туралы ақпарат алу жеңілдетіледі