Атап айтқанда, көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін қолдану 2027 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.
Бұл – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне қатысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды, сондай-ақ олар туралы біріздендірілген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.
Бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Бұған дейін автомобиль көлігімен жүк тасымалдау қағидаларына толықтырулар енгізілгені хабарланған еді.
Атап айтқанда, қағидалар техникалық тұрғыдан рұқсат етілген ең жоғары массасы 12 тоннадан асатын автокөлік құралдарының иелері автоматтандырылған өлшеу станцияларының әрекет ету аймағынан өткен кезде көліктің нақты салмақтық және көлемдік параметрлерін аталған станцияда өлшеуді қамтамасыз етуге міндетті деген тармақпен толықтырылды.