Алым 16 мыңнан 77 мың теңгеге дейін өскен: Астана әуежайынан заңбұзушылық анықталды

Фото: Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ қызметінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Агенттіктің баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 29 шілдеде істің мән-жайын жариялады.

"Әуежай тиісті нарықта монополиялық жағдайға ие бола отырып, авиаотын жеткізушілерден реттелмеген алым өндіргені анықталды. Бұл ретте жеткізушілердің аталған шарттардан бас тартуына немесе балама қызмет көрсетушіні таңдауына мүмкіндік болмаған. Тергеу барысында алым мөлшерінің тоннасына 16 240 теңгеден 77 852 теңгеге дейін, кейін 60 137 теңгеге өзгергені де анықталды. Бұл нарық қатысушыларына түсетін қаржылық жүктемені арттырып, түпкі тұтынушылар үшін авиаотын бағасының қымбаттау қаупін туғызған", – делінген хабарламада.

Агенттік "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ-ның әрекеті монополиялық жағдайды теріс пайдалану деп сараланғанын атап өтті. Бұл Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабында көзделген.

"Тергеу қорытындысын бірінші сатыдағы сот заңды деп таныды", – деп мәлімдеді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

2026 жылғы 1 шілдеде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақстанда жанар-жағармай нарығындағы жағдайға мониторинг күшейтілетінін мәлімдеген еді. Агенттік төрағасы Марат Омаров аумақтық департаменттерге мұнай жеткізушілердің, мұнай өнімдерін көтерме сатушылардың, сондай-ақ автожанармай құю және автогаз құю станцияларындағы бағаны бақылауды күшейтуді тапсырды.

Қазақстанның бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда департаменттерге монополияға қарсы тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді