Қазақстандықтар қанша ет, нан және картоп тұтынады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда артты. Бұл деректер халықтың тұрмыс деңгейін анықтау мақсатында үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде алынды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір тоқсанда еліміздің әрбір тұрғыны орта есеппен 20,7 келі ет және ет өнімдерін тұтынған. Былтырғы сәйкес кезеңде бұл көрсеткіш 20,6 келі болған.

Сүт және сүт өнімдерін тұтыну 57,2 литрден 58,1 литрге, жұмыртқа 52 данадан 54 данаға, көкөніс 18,3 келіден 18,7 келіге, картоп 11,3 келіден 11,4 келіге дейін артқан. Сондай-ақ балық пен теңіз өнімдерін тұтыну 3,5 келіден 3,6 келіге дейін өсті.

Сонымен қатар сарапшылар бірқатар азық-түлік түрін тұтыну көлемінің азайғанын атап өтті.

Мәселен, жарма және дәнді дақылдар өнімдерін тұтыну 31 келіден 30,6 келіге дейін қысқарған. Майлар мен тоңмайларды тұтыну көрсеткіші өзгеріссіз қалды. Ал жеміс-жидек пен жаңғақтарды тұтыну 17,5 келіден 17,4 келіге, қант, тосап және балды тұтыну жан басына шаққанда 10,8 келіден 10,3 келіге дейін төмендеді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың I тоқсанында Қазақстанның әрбір тұрғыны орта есеппен 11,4 келі картоп, бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген 6 келі нан, 6 келі сиыр еті, 4,8 келі алма, 4,6 келі құмшекер, 4,2 келі күріш, 3,1 литр айран, 2,6 келі макарон өнімдерін, 2,4 литр шикі сүт, 2,1 келі балғын немесе салқындатылған балық, 54 жұмыртқа және 0,3 келі қара шай тұтынған.

2026 жылдың I тоқсанында көкөністі орташа тұтыну көлемі жан басына шаққанда 18,7 келі болды. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2%-ға, яғни 18,3 келіден 18,7 келіге дейін өсті.

Қала тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда көкөністі көбірек тұтынған. Қалаларда бір адамға шаққандағы орташа көрсеткіш 19,3 келі болса, ауылдық жерлерде 17,6 келіні құрады.

Көкөністі ең көп тұтыну көрсеткіші Алматы қаласында тіркелді – жан басына шаққанда 23,2 келі. Одан кейін Жетісу облысы – 22,8 келі және Түркістан облысы – 21,4 келі. Ең төмен көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында – 16,5 келі, сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында тіркелді – әрқайсысында 16 келіден.

Ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарында байқалды. Ең төмен көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Темірлан Анарбековтың сейві "Қайратты" Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңіне шығарды

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Алматыда алғаш рет электр самокаттарды орналастырудың бірыңғай ережесі енгізіледі

Балағат сөздер – ұрпақтың санасын улайтын қауіпті дерт