ІІМ: Қостанайда өңіраралық бағытта есірткі тасымалдаған курьер ұсталды

Фото: pexels
Ішкі істер министрлігі ел аумағында есірткі заттарын байланыссыз тәсілмен өткізумен айналысатын интернет-дүкендердің заңсыз қызметін анықтау және жолын кесуге бағытталған "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Қостанай қаласында өңіраралық бағытта әрекет еткен интернет-есірткі дүкенінің 25 жастағы курьері ұсталды. Ол ел өңірлері арасында ірі көлемдегі есірткі партияларын тасымалдап, оларды кейіннен жасырып таратуға жеткізіп отырған.

Қылмыстық әрекетін жасыру мақсатында есірткі заттары вакуумдық қаптамаларға салынып, құрғақ сүт қаптамаларының ішіне мұқият жасырылған. Бұл тәсіл оларды тасымалдау кезінде күдік туғызбауға және анықтауды қиындатуға бағытталған.

Күдіктіні ұстау барысында заңсыз айналымнан жалпы салмағы 1,5 келіден асатын есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде меткатинон психотроптық заты мен кептірілген марихуана болған. Сараптамалық есеп бойынша тәркіленген есірткі көлемі 10 мыңнан астам бір реттік дозаға тең, осылайша олардың ықтимал тұтынушыларға жетуіне жол берілмеді.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық схеманы ұйымдастырушыларды, есірткі жеткізу арналары мен интернет-есірткі дүкенінің жұмысына қатысы бар өзге де тұлғаларды анықтау жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі интернет-есірткі дүкендерінің қызметіне кез келген деңгейде қатысу — ұйымдастырушы, оператор, "жасырын орынға қалдырушы" немесе курьер болсын — ауыр қылмыс екенін және заңнамаға сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады.

Есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауаптылыққа тарту, сондай-ақ интернет арқылы әрекет ететін есірткі бизнесінің инфрақұрылымын жою жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғасады.

Қазақстан
Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі