Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Осы сенбі және жексенбі күндері Алматыда өтетін демалыс күнгі жәрмеңкелерде тұрғындарға 300 тоннаға жуық ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері ұсынылады.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 318 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысады.

Келушілер картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма секілді жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидектерді, сондай-ақ сиыр, қой, жылқы, шошқа және құс етін сатып ала алады. Жалпы сауда алаңдарында мыңнан астам түрлі өнім ұсынылады.

"Алматы" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұйымдастыратын демалыс күнгі жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін делдалсыз, тікелей әрі қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта жәрмеңкелер Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу сынды бес ауданында жұмыс істейді.

Сонымен қатар "Алматы" ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазіргі кезде Бостандық ауданындағы (Қазақфильм шағынауданы) жәрмеңке жаңартылып, оның ресми ашылуы тамыз айына жоспарланған. Сондай-ақ Әуезов ауданындағы жәрмеңке де жаңғыртылып жатыр. Осыған байланысты бұл аудандағы жәрмеңке уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілді.

Жаңғырту аясында сауда алаңдары кешенді түрде жаңартылып, іргелес аумақ көркейтіледі, санитарлық инфрақұрылым жақсартылады, сауда орындары жаңартылып, инженерлік желілер тартылады. Сонымен қатар кәсіпкерлер мен келушілер үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ нысандарды қолданыстағы заңнама талаптары мен Алматы қаласының дизайн-кодына сәйкестендіруге ерекше көңіл бөлінеді.

"Алматы" ӘКК демалыс күнгі жәрмеңкелерді жаңғырту жұмыстарын кезең-кезеңімен жалғастырып, алдағы уақытта қаланың барлық сегіз ауданын қамтуды жоспарлап отыр.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады