Қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тұрғындарға неден сақтану керек

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Алматы, Қарағанды, Теміртау және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Осыған байланысты аталған қалалардың тұрғындарына ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланған ескертуде айтылды.

"2026 жылғы 3 тамызда Алматыда, ал түнде Қарағанды, Теміртау және Атырау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі".

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфераның жерге жақын қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық құбылыстардың, атап айтқанда желсіз ауа райы, баяу жел, тұман және температуралық инверсияның жиынтығы.

Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада жүретін уақытты қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық сырқаттары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.

Айта кетейік, 2026 жылғы 2 тамызда Алматы мен Өскеменде қолайсыз метеорологиялық жағдай болжанған еді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы