Кімдердің миллиардер атану мүмкіндігі жоғары екенін Бағдат Мусин түсіндірді

Фото: Zakon.kz
Спорттық бағдарламалау федерациясының басшысы Бағдат Мусин 2026 жылғы 3 тамызда жасөспірімдер үшін жасанды интеллект олимпиадалары қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жасанды интеллект бойынша III халықаралық олимпиада басталар алдында елордадағы Конгресс-орталықтың кулуарында Бағдат Мусин мұндай жарыстарға қатысушылардың болашағы зор екенін атап өтті.

"Мұнда келіп, осындай жарыстарға қатысып жүрген балалар ертең мықты стартаптар мен технологиялық жобалар жасай алады. Олар – болашақ ғалымдар мен технологиялық кәсіпкерлер. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, мұндай олимпиадаларға қатысушылардың миллиардер әрі ірі технологиялық кәсіпкер атану мүмкіндігі 1,5 мың есе жоғары. Сондай-ақ олардың жасанды интеллект, бағдарламалау және компьютерлік ғылымдар саласында ғылыми жаңалық ашу мүмкіндігі 4 мың есе жоғары", – деді федерация басшысы.

Сондықтан Мусиннің айтуынша, мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстан үшін маңызды.

"Бұл еліміздің жасанды интеллектіні дамытуға айрықша мән беретінін көрсетеді. Мұндай іс-шаралар бізге не береді? Мектеп оқушылары осы олимпиадаларды көріп, жасанды интеллектінің Қазақстаннан тыс жатқан қолжетімсіз сала емес екенін түсінуі керек. Оны елімізде жасап, осы жерде қолдануға және әлемнің үздік командаларымен тең дәрежеде бәсекелесуге болады", – деді ол.

Бұған дейін Бағдат Мусин жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде жоғары білімнің қаншалықты өзекті екені туралы пікір білдірген еді.

Қазақстан
Астана
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстанда су ресурстарының цифрлық картасы жасалды