Ауылда жұмыс істейтін IT мамандары мен архив қызметкерлеріне мемлекеттік қолдау көрсетілмек

Фото: freepik
Ұлттық экономика министрлігі ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі жобаны әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік қолдау алушылардың қатарына архив ісі және цифрлық технологиялар саласының қызметкерлерін қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ әлеуметтік төлемдерді алу мерзімдері нақты белгіленбек.

Министрліктің мәліметінше, жобаны қабылдау ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін нығайтып, цифрлық және архив қызметтерінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат "Ашық НҚА" порталында 21 тамызға дейін жария талқылауға ұсынылды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі