Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі қайта қаралуы мүмкін

Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев 2026 жылғы 11 тамызда өткен Үкімет отырысында Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК) тағайындау тәртібі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министр цифрлық технологиялардың тиісті рәсімдерді оңтайландыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

"2026 жылғы тамыздан бастап мерекелік және атаулы күндерге арналған біржолғы төлемдерді тағайындау кезінде жасанды интеллект қолданылады. Жүйе төлемді алуы мүмкін азаматтарды алдын ала анықтап, оны тағайындау жөніндегі жобаны қалыптастырады. Ал төлем жасау туралы түпкілікті шешімді әкімдік қабылдайды. Қазан айында азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып, мемлекеттік қолдау шараларын атаулы түрде тағайындау үшін жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отыр", – деді Асқарбек Ертаев.

Оның айтуынша, қазір жасанды интеллект атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде өтініш берушінің тұрғын үй және тұрмыстық жағдайы көрсетілген фото және бейнематериалдарды талдайды. Талдау нәтижесінде азаматтың атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж немесе мұқтаж емес екені туралы ұсыным әзірленеді.

"Бұл өңірлік учаскелік комиссиялардың жұмысын едәуір жеңілдетіп, шешім қабылдау кезінде субъективті фактордың ықпалын азайтуға мүмкіндік береді", – деді министр.

Бұған дейін Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев eGov жүйесіндегі дербес деректерге фотосурет арқылы қол жеткізу мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берген еді.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мөлдір Әуелбекова мерейтойын атап өтті: әншіге желіде күтпеген сұрақ қойылды

Отандық өндірісті қолдау: Президент тапсырмаларының орындалу барысы

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

"Жақсы жаңалығым бар!". Мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі 7 тамызда жарияланатыны белгілі болды

Мөлдір Әуелбекова жеті жастағы ұлының арманын орындады