Қазақстандықтар паспорт пен жеке куәлікті арнайы терминал арқылы рәсімдей алады

Фото: Zakon.kz
Жасанды интеллект және ішкі істер министрлері бірлескен бұйрықпен "Биометриялық құжаттандыру терминалы" бағдарламалық-аппараттық кешені арқылы Қазақстан азаматтарына паспорт пен жеке куәлік беру жөніндегі пилоттық жобаны іске қоспақ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру" мемлекеттік қызметі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының фронт-офистерінде биометриялық терминал арқылы көрсетіледі.

Пилоттық жоба қолданыстағы құжат рәсімдеу тәртібіне балама ретінде республикалық маңызы бар қалалар мен елордада, облыстардың әкімшілік орталықтарында, сондай-ақ Байқоңыр қаласында бұйрыққа қол қойылған күннен бастап 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.

Сонымен қатар пилоттық жобаны жүзеге асыру алгоритмі бекітілді.

Терминал арқылы құжат рәсімдеу үдерісі мынадай кезеңдерді қамтиды:

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының полиция департаменттері, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігі құжаттандыру терминалы арқылы рәсімделген электрондық өтінімдердің уақтылы тексерілуін қамтамасыз етеді.

Бұл қызмет Қазақстан азаматтарына жеке куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталуына байланысты ғана көрсетіледі. Бұл ретте құжаттың жарамдылық мерзімінің аяқталуына күнтізбелік 30 күн немесе одан аз уақыт қалуы не оның мерзімі 10 күннен аспайтын уақыт бұрын өтуі керек. Азамат бағдарламалық қамтамасыз етудің тиісті бөлімінен қажетті мемлекеттік қызметті таңдайды.

Азамат ХҚКО-ға жүгінген кезде қабылдау бөлімінің қызметкері құжатты ауыстыру себебін анықтайды. Егер белгіленген мерзімдер талапқа сай келсе, қызмет алушыны құжаттандыру терминалына бағыттайды.

Өтінімді қызмет алушы өзі толтырады. Қажет болған жағдайда ХҚКО қызметкері кеңес береді.

Полиция департаментінің қызметкері құжаттандыру терминалы арқылы келіп түскен өтінімді тексереді. Фотосурет немесе қолтаңба белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, құжаттандыру қағидаларының бұзылғаны анықталса не қосымша тексеру жүргізу қажет болса, полиция қызметкері себебін көрсете отырып, өтінімнің күшін жояды.

Қызмет алушыға өтінімнің күшін жою туралы SMS-хабарлама жіберіледі.

Мобильді азаматтар базасының, биометриялық сәйкестендіру жүйесінің немесе құжаттандыру терминалының жұмысында 10 минуттан астам уақытқа созылған техникалық ақау туындаса, азамат мемлекеттік қызмет алу үшін өтінішті қағаз түрінде береді.

Бұйрық 2026 жылғы 28 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді