+40°С-қа дейін: Қазақстанда аптап ыстық қайта күшейеді

Фото: unsplash
Синоптиктер 2026 жылғы 19 тамыз, сәрсенбі күні Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарына болжам жасады. Елде қайтадан +40°С-қа дейінгі аптап ыстық болады. Дегенмен жаңбыр да жауады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, күндіз республиканың бес өңірінде қатты ыстық болады:

"Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі және екпінді жел соғуы мүмкін. Елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейеді. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстікте, шығыста тұман түседі", – деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Жауын-шашынсыз ауа райы тек республиканың батысында және Қызылорда облысында болжанады.

Сонымен қатар Қазақстанның бірқатар өңірінде өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада қар жауып, түнде −5°C-қа дейін суытады: Алматы мен Шымкентте ауа райы қандай болады

20 қазан: Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы

Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын қашан жариялайтынын айтты

Қазақстанның бес облысында -3 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда қайырымдылықтың бірыңғай цифрлық ресурсы құрылады