Интернет-платформалардағы шетелдік сатушылар туралы мәлімет беру тәртібі өзгермек

Интернет, сеть, цифровизация, цифровые технологии, digital, современные технологии, цифровизация, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 09:12 Фото: freepik
Қаржы министрлігі интернет-платформа иелерінің мемлекеттік кірістер органына өткізілген тауарлар, көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар және Қазақстанның резиденті болып саналатын жеке тұлғаларға жасалған төлемдер туралы мәлімет беру нысаны мен қағидаларына өзгерістер жобасын әзірледі

Жобаның мақсаты – Қазақстан аумағында интернет-платформа арқылы қызмет ететін шетелдік компаниялардың пайдасына күнтізбелік тоқсан ішінде жасалған төлемдер мен аударымдардың жиынтық сомасы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысанын айқындау. Бұл мәліметтер әрбір шетелдік компания бойынша жеке ұсынылады.

Банктер мен төлем ұйымдарынан алынатын ақпарат негізінде электрондық саудамен айналысатын тұлғаларды қашықтан бақылау тәсілдерін енгізу арқылы салықтық әкімшілендіруді жетілдіру көзделіп отыр. Бұл құжаттық тексерулер жүргізбей-ақ салықтық тәуекелдерді тиімді басқаруға және көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұдан бөлек, құжатта "тенге" сөзін "теңге" сөзімен ауыстыру қарастырылған.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған. Оны қоғамдық талқылау 5 қарашаға дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: