Қазақстанда қандай скринингтерден тегін өтуге болады және олар кімдерге арналған

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врачи, доктора, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.10.2026 09:07 Фото: Zakon.kz
Скрининг – ауруларды ерте анықтауға арналған профилактикалық тексеру. Қазақстанда негізгі скринингтік тексерулер азаматтардың МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, мемлекет кепілдік берген әлеуметтік қолдау аясында тегін жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде жүрек-қан тамырлары ауруларын, қант диабетін, глаукоманы, сүт безі обырын, жатыр мойны обырын, колоректалдық обырды, В және С вирустық гепатиттерін, сондай-ақ белгіленген өлшемшарттарға сәйкес басқа да ауруларды ерте анықтау үшін скринингтік тексерулер өткізіледі.

Жас ерекшелігіне қарай мына скринингтерден өтуге болады:

  • Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және глаукома: 40–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі.
  • Сүт безі обыры: 40–76 жас аралығындағы әйелдер екі жылда бір рет маммографиядан өтеді.
  • Жатыр мойны обыры: 30–74 жас аралығындағы әйелдер төрт жылда бір рет скринингтен өтеді.
  • Колоректалдық обыр: 50–76 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер екі жылда бір рет тексеріледі.

Скринингтен өту үшін тіркелген емханаға жүгініп, биыл қандай тексерулерден өту қажет екенін нақтылау керек.

Медицина қызметкерлері тексеруден өту тәртібін түсіндіріп, қажет болған жағдайда қосымша зерттеулерге жолдама береді. Министрлік тұрғындарды ауру белгілерінің пайда болуын күтпей, уақытылы тексерілуге шақырды. Ауруды ерте анықтау емді дер кезінде бастап, денсаулықты сақтауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін қазақстандықтарға 19 қазаннан бастап скрининг туралы SMS-хабарламалар жіберіле бастайтынын жазған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: