"Маңызды оқиға": Астана әкімі Құрылтай сайлауында дауыс берді

Сурет: Instagram/jenis_qasymbek
2026 жылғы 23 тамызда Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қазақстанда алғаш рет өтіп жатқан Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы қала әкімі Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлауға қатысып, дауыс бердім. Бұл – еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға. Жаңа Конституцияға сәйкес, Құрылтай заң шығарушы билікті жүзеге асыратын жоғары өкілді органға айналады. Мемлекет басшысы атап өткендей, "жаңа заң шығарушы орган сындарлы көзқарастар мен ұмтылыстар тоғысатын ортақ алаңға айналуға тиіс. Құрылтай елімізді одан әрі жаңғырту үдерісіне жоғары қарқын береді", – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Әкімнің айтуынша, сайлау – әрбір азаматқа өз ұстанымын білдіріп, мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындауға тікелей атсалысуға мүмкіндік береді.

Жеңіс Қасымбек Астанада дауыс беруге барлық қажетті жағдай жасалғанын, сайлау учаскелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Қазақстанның ең қарт тұрғыны, 116 жастағы Түймегүл Темірбаеваның Құрылтай сайлауында дауыс бергені хабарланған еді.

Қазақстан
Құрылтай
Астана
Қасымбек Жеңіс

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін