Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сурет: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұған дейін жалпы салмағы 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреп, ел рекордын орнатқан Ерсейіт Бралин сайлау күні жаңа күштік перформанс көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жолы спортшы сайлау учаскесінің алдында КамАЗ жүк көлігін сүйреп өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сайлау учаскесінің маңында арнайы алаң дайындалып, рекордшы көпшілік алдында өзінің күшін тағы бір мәрте паш етті. Өнер көрсетілімінен кейін Ерсейіт Бралин сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

Сайлау күніндегі ерекше бастамалар мұнымен аяқталған жоқ. Рекордшы өз қолымен арматураны майыстырып, одан сайлау күніне орай "23" санын жасады. Осылайша күштік перформанс дауыс беру күнімен үндескен символдық мазмұнға ие болды.

Қазақстан
Құрылтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты

Тарихи күн: Қазақстанда Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды