Оның айтуынша, Энергетика министрлігі қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының қуатын кеңейтуді жоспарлап отыр.
"Павлодар мұнай-химия зауытының қуаты 2,2 млн тоннаға ұлғайтылады. Сондай-ақ Шымкент мұнай өңдеу зауытының қуатын екі есе – 6 млн тоннадан 12 млн тоннаға дейін арттыру көзделген. Бұл бізге қосымша 1 млн тонна авиаотын өндіруге мүмкіндік береді", – деді Ерлан Ақкенженов.
Министрдің айтуынша, жалпы Қазақстан жылына 1,7-1,8 млн тонна авиаотын өндіретін болады.
"Қуаты 10 млн тоннаға дейін жететін төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесі күн тәртібінде тұр. Қазір біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Жаңа зауыт белгілі бір қор қалыптастырып, елімізді авиаотынмен толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетке шығуға мүмкіндік береді", – деп толықтырды Ерлан Ақкенженов.
Бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанның өзін авиаотынмен толық қамтамасыз ете алмай отырғанын мойындаған еді.