Министрлік оқушылардың тоқсандық қорытынды бағасы жайлы: Бірыңғай формула бойынша есептеледі

Сурет: gov.kz
ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова бүгін, 2026 жылғы 25 тамызда ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында қазақстандық оқушылардың тоқсандық бағасының қалыптасу тәртібі нақты айқындалатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, тоқсандық баға мынандай бағалау түрлерінің нәтижесінен құралады:

Шынар Ақпарова атап өткендей, тоқсандық баға мектептің LMS жүйесінде белгіленген бірыңғай формула бойынша автоматты түрде есептеледі.

Жүйеде оқушының аралық және формативтік бағалау нәтижелері және олардың қорытынды бағадағы үлесі көрсетіледі. Бұл тоқсандық бағаның қалай қалыптасқанын педагогке, оқушыға және ата-анаға түсінікті етеді.

Сондай-ақ ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі педагогтердің бағалау рәсімдеріне байланысты жүктемесін оңтайландыру да ескерілгенін жеткізді.

"Бастауыш сыныптарда аралық бағалау жұмыстарына модерация жүргізілмейді. Бағалаудың бірыңғай талаптары мен оны ұйымдастыру тәртібі сақталады. Сонымен қатар, жаңартылған тәсілдердің барлық білім беру ұйымдарында бірізді қолданылуы үшін педагогтерге орталықтандырылған әдістемелік қолдау көрсетіледі", - деді спикер баспасөз конференциясында.

Бұған дейін енді оқушыларға барлық пән бойынша баға қойылатыны хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді