Жасампаз ұлт ретінде ақиқат пен аңыздың, шындық пен өтіріктің ара жігін ажыратуымыз керек – Президент

Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясында қоғамды білім мен ғылымға ұмтылып, нақты іспен айналысуға шақырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттің айтуынша, Қазақстан жасампаз ұлт ретінде ақиқат пен аңыздың, шындық пен өтіріктің ара-жігін ажыратып, жағымсыз кеселдерден біржола арылуға тиіс.

"Кезінде Ұлы Абай айтқан "бес дұшпаннан", әсіресе, өнбейтін дау-дамайдан, бос сөз бен құр мақтанудан аулақ болғанымыз жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ең алдымен білім мен ғылымға жүгініп, нақты іспен айналысу қажет екенін атап өтті. Әйтпесе, әлемдік өркениетке ілесе алмай, көш соңында қалу қаупі бар.

"Бірақ біз бұған жол бермейміз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихын тар жол, тайғақ кешсе де, алған бетінен қайтпай, ел мүддесіне қалтқысыз қызмет еткен тұлғалар жазғанын айтты. Мемлекет басшысының сөзінше, елімізді көркейту үшін осындай ұлт перзенттерінің өмірі мен ұстанымдарын үлгі ету қажет.

""Ондай болмақ қайда" деп, қол қусырып отыру – қаһарман жұртымызға тән қасиет емес", – деді Президент.

Мемлекет басшысы рухы биік, жігері мықты адамдар отбасы мен Отан алдындағы жауапкершілікті терең сезініп, ел игілігі үшін адал еңбек ететінін атап өтті.

"Өмірде табысты, қоғамда сыйлы болады. Шынайы отаншылдық дегеніміз де – осы", – деп қорытындылады Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан
Астана
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

US Open-2026: Рыбакина алғашқы айналымда 17 жасар америкалықпен өзара күш сынасады

Астанада есірткі сақтау және таратумен айналысқан азаматтан 6 келі есірткі тәркіленді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Тоқаев Ердоғанның шақыртуын ықыласпен қабыл алды