Президент: Құрылтайдың бірінші шақырылымы – ел дамуының жаңа белесі

Фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші шақырылымының ел дамуындағы маңызына тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы халық Құрылтай депутаттарына зор сенім артып отырғанын атап өтті. Енді бұл сенімді ақтап, қоғамға пайдасы тиетін жұмыстарды атқару қажет екенін айтты.

Президенттің айтуынша, Құрылтай қабылдайтын әрбір шешім елдің тағдыры мен мемлекеттің болашағына тікелей ықпал етеді. Сондықтан депутаттардың әр қадамы байыппен жасалып, жеке бастың емес, елдің мүддесі басты орында тұруы керек.

"Құрылтайдың бірінші шақырылымы – ел дамуының жаңа белесі. Халық сіздерге зор сенім артып отыр", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Құрылтай мемлекет пен халықтың арасында дәнекер болып, ұлтты ортақ іске жұмылдыруы қажет екенін жеткізді.

Ол Қазақстан парламентаризмін дамытуға елеулі үлес қосқан заңғар жазушы Әбіш Кекілбаевтың "Ең басты игілік – бірлік" деген сөзін мысалға келтірді.

Президент елдің бүгінгі жетістіктері берекелі бірліктің арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Оның айтуынша, ауызбіршілік сақталған жағдайда Қазақстан алдағы уақытта да талай белесті бағындырып, алдына қойған мақсаттарына жете алады.

Қазақстан
Құрылтай
Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған