Шарджада қаза болған апалы-сіңлілі қазақстандықтардың денесі елге жеткізілді – СІМ

Сурет: pixabay
Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында қаза болған Қазақстанның екі азаматы – Ақжан және Жұлдыз Бохановалардың денесі Қазақстанға жеткізілді. Бұл жұмысты 28 тамызда Қазақстанның Дубайдағы Бас консулдығы ұйымдастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір апалы-сіңлілі Бохановалардың қаза болу себептері мен мән-жайын БАӘ құқық қорғау органдары анықтап жатыр. Тергеу жұмыстарына байланысты әзірге оқиғаның басқа да егжей-тегжейі жарияланған жоқ.

СІМ марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасы мүшелерімен тұрақты байланыста екенін хабарлады.

"Олардың қаза болу жағдайына қатысты БАӘ құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазақстандық дипломаттар әмірлік прокуратура мен басқа да тиісті органдармен жұмысты жалғастырып, қаза болғандардың отбасына қажетті көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.

Ақжан мен Жұлдыз Боханова Шарджаға жұмыс істеу үшін барған. Туыстары мен таныстарының айтуынша, олар шамамен бір апта бойы байланысқа шықпаған. Осыдан кейін қыздарды іздеу басталып, кейін олардың қаза болғаны белгілі болды.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде марқұмдардың денесін Қазақстанға жеткізуге көмек сұраған жазбалар тараған еді. Алайда қазір консулдық тарапынан қажетті құжаттарды рәсімдеу және елге жеткізу жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін