Тамирлан Тілеулес Гран-при сериясының финалындағы алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионына жол берді

Тамирлан Тілеулес Гран-при сериясының финалындағы алғашқы жекпе-жегінде әлем чемпионына жол берді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.11.2026 10:05 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық таеквондошы Тамирлан Тілеулес Астанада өтіп жатқан Гран-при сериясының финалында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 58 келіге дейінгі салмақта 2025 жылғы әлем чемпионы, ирандық Аболфазл Зандимен күш сынасты.

Екі раундтың қорытындысы бойынша Иран өкілі 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, қос таеквондошы бұған дейін 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында кездескен болатын. Сол жекпе-жекте Тамирлан Тілеулес жеңіске жетіп, нәтижесінде Азия ойындарының чемпионы атанған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: