Электр жарығы өшуі мүмкін: Алматыдағы ең көп қарызы бар тұрғын үйлердің тізімі жарияланды

Фото: unsplash
"Алатау Жарық Компаниясы" АҚ-ның "Энергосбыт" филиалы Алматы мен Алматы облысының тұрғындарына маңызды ескерту жасады. 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап электр энергиясына қарызы бар ірі борышкерлердің электр қуаты өшірілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандар қазіргі таңда тұтынылған электр энергиясы үшін төлем жасауға қатысты жағдайдың күрделенгенін атап өтті.

Сондықтан 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап электр энергиясы бойынша берешегі бар үйлерде электр қуатын беру шектелуі немесе толықтай тоқтатылуы мүмкін.

28 тамыздағы жағдай бойынша Алматыда электр энергиясы үшін ең көп қарыз жинаған тұрғын үй кешендерінің тізімі:

Алматы облысында:

Айта кетейік, 2026 жылғы 14 тамызда Қазақстанда жаппай электр қуаты өшіп, сегіз облыс жарықсыз қалған болатын.

"KEGOC" АҚ мәліметінше, Тоқтоғұл ГЭС-інде жалпы қуаты 600 МВт болатын екі гидрогенератор істен шыққан. Бұл Солтүстік – Оңтүстік транзитіне қуаттың шамадан тыс түсуіне және оның артық жүктелуіне әкелді.

Нәтижесінде апатқа қарсы автоматика іске қосылып, Қазақстанның оңтүстік аймағы елдің Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінен және Орталық Азияның Біртұтас энергетикалық жүйелерінен ажыратылды.

Осының салдарынан Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Қарағанды облысы, Ұлытау және Абай облыстарында тұтынушылардың электр қуаты өшірілді.

20 тамызда Қазақстандағы электр қуатының жаппай өшуінен кейін Энергетика министрлігінің ауқымды жоспарлары белгілі болды. Ведомство электр энергиясын өндіру қуаттарын арттыру және қажетті резерв қалыптастыру жоспарлары туралы мәлімдеді.

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті