Қызығушылықтың соңы полицияда аяқталды: екі жігіт бомбапанаға кірмек болған

Фото: polisia.kz
Алматыдағы бомбадан қорғану панасы түнде екі жігіттің нысанасына айналды. Олар қызығушылық танытқанын айтып ақталғанымен, қалалық полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түнде "102" пультіне қала тұрғындарының назарына жиі іліге бермейтін нысаннан қоңырау түскен.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай даңғылы мен Тілендиев көшесінің қиылысында екі жігіт бомбадан қорғану панасына кірмек болған.

Нысан бекітілген кәсіпорын өкілдерінің айтуынша, мұнда бөгде адамдардың кіруге әрекеттенуі бұған дейін де болған. Ішінде қымбат бағалы заттар болмаса да, нысанаға бөтен адамдар мезгіл-мезгіл кіруге тырысады.

Алайда бұл жолы жағдай басқаша өрбуі мүмкін еді.


"Жігіттер құлыпты бұзып ашуға әрекеттеніп қана қоймай, өздерімен бірге арнайы құралдар да алып келген. Екеуі де Алмалы аудандық полиция бөліміне жеткізілді", – деп хабарлады полиция.

Ұсталғандар бұл әрекетін қызығушылықпен түсіндірген. Сондай-ақ аталған орын туралы біреуден естігенін айтқан.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын және олардың нысанға кіруге әрекеттенуінің шынайы себебін анықтап жатыр.

Бұған дейін Ақтөбеде полицейлер екі пәтер ұрлығына күдікті 37 жастағы ер адамды ұстаған еді. Ол үй иелері пәтерде болған кезде ұрлық жасаған.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Президент