Алматы аспанын қалың шаң басты

Сурет: Threads/@djetibayeva
2026 жылғы 31 тамыз, дүйсенбі күні күндіз Алматыда жел тұрып, шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаланың аспанын қою шаң басып, Алматының "қарауытып" кеткен сәтін тұрғындар әлеуметтік желіде жарыса бөлісіп жатыр.

Жарияланған кадрлардан ауаға көтерілген шаңның салдарынан қалада көріну қашықтығы айтарлықтай төмендегенін көруге болады.

"Қираған көшелердің шаңының бәрі ауаға көтерілді", "Аллергиясы бар адамдар қазір қатты қиналып жатыр", "Қапшағай жақтан соққан жел әкелген сияқты", "1 қыркүйекті адамдар ғана емес, табиғаттың өзі де ұнатпайтын секілді", "Желдің әсерінен қазылып жатқан жолдардағы құм, шаң мен лайдың бәрі ауаға көтерілді", – деп жазды желі қолданушылары.

Шаңды дауылдың Қапшағай жақтан келгенін айтып, тұрғындар ол жақтан түсірілген суреттерді де жариялаған.

Қаланы қалың шаң басуының тағы бір себебі ретінде Көк-Жайлауда жүргізіліп жатқан жұмыстар да айтылып жатыр.

"Бұл тұмша емес, Көк-Жайлауда жүргізіліп жатқан жұмыстардың салдарынан пайда болған шаң", – деп жазды sanzh_rkh есімді қолданушы.

Айта кетейік, синоптиктер 31 тамызда Алматыда дауылды ескерту жариялаған болатын: күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді.

Ал Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанған. Күндіз желдің екпіні секундына 18-23 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Полиция қызметкерлерінің жеке істерін жүргізу қағидалары өзгертілді

Қазақстанда инвестициялық өсімнің жаңа кезеңі басталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Құрылтайдың алғашқы құрамына айрықша жауапкершілік жүктеледі – Президент